20
декабрь
2024
2024 жылдың 20 желтоқсан күні білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандық СЕМИНАР
2024 жылдың 20 желтоқсан күні білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Бурыл ауылы, «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасында мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілерге арналған «Мобильдік кітапхана -балабақшада» тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: балалардың оқу мәдениетін ерте жастан дамыту, ертегі арқылы сөздік қорын дамыту, балаларды кітап оқуға қызықтыру, олардың шығармашылық қабілеттері мен танымдық белсенділігін арттыру.Семинарға мектепке дейінгі ұйымдардан 35 тәрбиеші қатысты. Семинарда «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі А. Абсаттарова, «Гүлсім» балабақшасының тәрбиешісі М.Әлімбаева, «Теремок» балабақшасының тәрбиешісі А.Рыскулова мобильді кітапхана бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар А.Абсаттарова тәрбиешілермен шебер-сынып өткізді. Қатысушылардан кері –байланыс алынып, семинардан алған әсерлерімен бөлісті.












